Авангардта көпқабатты үй өртеніп, бір адам көз жұмды (+ВИДЕО)
14 сәуір күні сағат 18.48-де Атырау қаласында Авангард 3 м/а, 5 қабатты №33 үйдің 4-қабаттағы пәтерде, 15 шаршы метр ауданда өрт болды.
Видео:
https://youtube.com/shorts/HzuGV4LBvC4?feature=share
1949 ж.т. үй иесінің әйелі 2-ші дәрежелі күйік алған, Облыстық ауруханаға жатқызылды, 1949 ж.т. үй иесі дәрігер тексергеннен кейін үйіне жіберілді. Өрт орнында 1976 жылы туған ұлының мәйіті табылды(2-ші топтағы мүгедек). Өрт сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.27-де сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі: отты абайсыз қолдану.
Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар.
«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»