БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚұқық
АТЫРАУДА КӨШЕДЕГІ ТҰРҒЫНДЫ ҰРЫП-СОҒЫП, ЖАРТЫ МИЛЛИОН ТЕҢГЕСІН АЛЫП КЕТКЕН… (+видео)
Атырауда ер адамды ұрып, артынша тонап кеткен күдіктілер ұсталды…
17 қаңтар күні сағат 21:30 шамасында белгісіз біреулер 28 жастағы қала тұрғынын көшелердің бірінде тоқтатып, одан ақша беруін талап еткен. Осыдан кейін шабуылдаушылар жәбірленушіні ұрып-соғып, қалтасынан 500 000 теңгесін күштеп тартып алған.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізіп 1999 ж.т. және 2000 ж.т. екі күдіктіні анықтап,ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.