Атырауда полицейлер тойдың үстінен топ ете түсті… (+ВИДЕО)

prarararap БЕЙНЕЖАЗБА

Атыраулық полицейлер карантин талаптарын бұзған 10-нан астам кәсіпкерлік нысанды анықтады, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

https://youtu.be/vXjJO_Powdg

Облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, Атырау қаласы Полиция басқармасы және қала әкімдігі қызметкерлерінен құралған мониторингтік топ демалыс күндері, яғни, 26-28 наурыз аралығында карантин режимін бұза отырып, мерекелік іс-шаралар өткізген 10-нан астам кәсіпкерлік нысанды анықталды.

Мысалы, 27 наурыз күні күндізгі уақытта Томарлы поселкесінде орналасқан «Нұрай”, Рембаз поселкесінде орналасқан “999”, Алмагүл мөлтек ауданында орналасқан “Аспандияр”, Атырау мөлтек ауданында орналасқан “Granada”, Жұлдыз мөлтек ауданында орналасқан “Сұлтан Плаза” мейрамханаларының ішінде той өткізіліп жатқаны анықталған. Аталған мейрамханалардың ішінде
50-ден 150-ге дейін қонақ болған.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасына жолданатын болады.

Айта кетейік, 29 наурыз сағат 00:00 ден бастап Атырау облыстық бас санитарлық дәрігерінің №5 жаңа қаулысы күшіне енді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз