БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам
Атырауда бір мезетте бес автобус өртеніп кетті (+ВИДЕО)
Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде болды.
««ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды» деп хабарлады «ССЕР» компаниясының өкілі Орақ Бисембиев.
Мәлім етілгендей, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.