КАМАЗҒА БАСЫЛҒАН ЖІГІТТІҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

screenshot 20220727 173916 БЕЙНЕЖАЗБА

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз өкілі Айша Кенжемұратовадан білгеніміздей, «КАМАЗ» дөңгелегінің астына түскен ер адамға шақырту «103» пультіне 25 шілде күні сағат 19:13-те келіп түскен.

«Оқиға орнына №12 бригадасы барды. Тексеру кезінде науқастың денсаулығы орташа ауыр екені анықталды. Ол облыстық ауруханаға пателланың жабық сынуы, оң жақ жамбас сүйегінің сыртқы кондиласының шеткі сынуы диагнозымен жеткізілді. Мойнында бірнеше жарақаты бар. Науқастың жағдайы толықтай дәрігерлердің бақылауында» деді ол.

Ал, заңға сәйкес, қалған ақпараттар жариялануға жатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ВИДЕО:

https://youtube.com/shorts/QZiyuw3xLps?feature=share

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз