Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Жеңіс – ұрпаққа аманат

Бүгін – адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыстың аяқталғанына 80 жыл. 1945 жылдың 9 мамырында жеткен Ұлы Жеңіс – халқымыздың қайсарлығы мен қаһармандығының мәңгілік ескерткіші. Бұл күн – ерлердің ерен ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқияр еңбегін ұлықтайтын, батыр бабалар рухына тағзым ететін қастерлі мереке.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, 9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Себебі бұл – азаттық үшін аянбай күрескен боздақтарымызды еске алып, олардың жанқиярлығын ұмытпауға үндейтін ұлы күн.

Сұрапыл соғыста халқымыз орасан зор шығынға ұшырады. Алайда майдан даласындағы жауынгерлердің қаһармандығы мен тылда еңбек еткен халықтың қажыр-қайратының нәтижесінде Жеңіске қол жеткіздік. Олардың ерлігі – бүгінгі бейбіт күннің негізі, еркін елдің іргетасы.

Бұл – тек тарих емес, тағдыр. Сондықтан да елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз.

Осы айтулы күнде барша қазақстандықты Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміз баянды, тыныштығымыз берік болғай!
Ел қорғайтын ерлеріміз көбейіп, қуатты Қарулы Күштеріміз елге адал қызмет етуден талмасын!

Жамбыл БЕКТҰРҒАНОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің рота командирі, лейтенант

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button