Жарнама
Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Мәңгілік алау – ерліктің сөнбес оты

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 04.00-де ешқандай ескертусіз неміс әскері Отанымызға шабуыл жасаған еді. Юрий Левитан Кеңес халқына соғыстың басталғанын хабарлаған алғашқы адам болды. Бүгін қаладағы №44 мектеп-гимназиясында «Мәңгілік алау – сөнбес оты ерліктің..» тақырыбында өткен танымдық іс-шараның шымылдығы Юрий Левитанның жан-дүниені шымырлатар сұрапыл соғысты хабарлаған дауысымен түрілді.

a6b394a3 ccc1 449a a647 1b0bca72aa3c

​Қан майданда нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен батырлар жайлы деректі фильм көрермендер назарына ұсынылды. Оқушылар «арт терапия» әдісі арқылы сурет сала отырып, фильмнен алған әсерлерін ортаға салды. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлшара Тарихқызы Ұлы Отан соғысы жылдарын суреттейтін шығармаларға шолу жасады. Шара соңында оқушылар бір-біріне «Ерлік отын жалғастыру үшін мен бүгін…» деген сөйлемді өз ойларымен аяқтады. Аға лейтенант Рауан Өрекешовтың дирижерлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5546 әскери оркестрі өнер көрсетті. Талантты оқушылар «Жаса, Қазақстан!» деп ұрандатып, флешмоб биледі.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button