Ұлттық құрылтай
Құрылтайда «Азаматтық қоғам» тақырыбы талқыланды
Ұлттық құрылтай аясында өткен секция «Азаматтық қоғам» тақырыбына арналды. Секция модераторы Президенттің көмекшісі Руслан Желдібай жиында айтылған құқықтық мәселелер назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
– Қоғамда адам құқығының қорғалуы, заң мен тәртіп маңызды рөл атқарады. Осы платформада қатысушылар өзекті мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдары талқыланады, – деді модератор.
Белгілі адвокаттар Айман Омарова, Айгүл Орынбек саладағы заңбұзушылықтарды ортаға салып, Әділет министрі Азамат Есқараевтан аталған мәселеге назар аударуды сұрады
Майра ЕРҒАЛИ