Азаматтық қоғам – қозғаушы күш
Азаматтық қоғам мықты болса, мемлекеттің де әлеуеті нығая түседі. Сондықтан бүгінде азаматтық қоғам атқарушы билік пен халық арасындағы іргесі мықты алтын көпір болуы тиіс.
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы қарсаңында ұйымдастырылған «Азаматтық қоғам» тақырыбындағы жұмыс секциясының отырысында атап айтты.
– Бізде жасалып жатқан жұмыс жоқ деуге болмайды. Бар. Бірақ бұл көпір толығымен қалыптасты дей алмаймыз. Сондықтан жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу жолында талқылау алаңдарында азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін әлі де кеңінен қолдана түсу қажет. Биліктің азаматтық қоғамға көмекші болуы қажеттігін баса айтқым келеді. Осы тұста «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы аясындағы жұмысты жандандырған жөн, – деді Азат Тұрлыбекұлы.
Айта кетейік, аталған секция отырысы С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасындағы М.Асаубаева орталығында өтіп жатыр.
Алтыншаш Құрмашева