Жарнама
Спорт

Жылыойлық жасөспірім Халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қытай Халық Республикасы Уси қаласында 14-18 тамыз арадығында таеквондодан кадеттер арасында «GRAND SLAM YOUTH» халықаралық турнирінде Қазақстан ұлттық құрама командасы сапында өнер көрсеткен №1 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің таеквондо бөлімінің спортшысы Марғұлан Айтжан қарсыласқа шақ келтірмей алтын медальға ие болып, чемпион атанды.

Жылыой ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жас чемпионның бапкері — №1 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, Ұлттық санаттағы төреші Азамат Нұржанов.

Айта кетейік, Халықаралық турнирге әлем елдерінен 300-ден астам спортшы қатысқан.

Жас спортшымызды бүгінгі жеңісімен құттықтап, aлдағы қадамдарына да толағай табыс тілейміз.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button