«Атырау» футзал командасы «Аят» командасымен кездеседі 

8c21fc2c efe4 45b8 b842 cce006c76801 Спорт

Өткен жылғы футзалдан ел чемпионатының қола жүлдегері жергілікті «Атырау» командасы 10 ойыннан кейін тоғыз ұпай жинап (3 жеңіс, 7 жеңіліс) турнир кестесінде сегізінші орында келеді. 

Алда әлі де болса бірнеше ойындар бар, сондықтан команда жанкүйерлері өздерінің сүйікті командасынан жарқын ойындар мен жеңіс күтетіні белгілі. 

«Атырау» командасы үшін бүгін маңызды ойындардың бірі болғалы тұр. Оның қарсыласы Қостанайлық «Аят» командасы. Қостанайлық команда әзірге турнир кестесінде екінші орында келеді.

Футбол жарысы бүгін сағат 18:00-де Орталық спорт кешенде өтеді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз