Жансель Дениз Черногориядағы рейтингілік турнирде «алтын» алды

whatsapp image 2021 10 18 at 19.34.37 Спорт

Черногория астанасы Подгорицада таэквондодан рейтингілік турнир аяқталып, қазақстандық Жансель Дениз алтын жүлдегер атанды.

73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансель турнирді екінші айналымнан бастады. Ол алдымен Молдова, кейін Бразилия спортшысын жеңген. 

Ал финалда түркиялық Хури Куркуттан басым түсті.  Қола жүлдені Бразилия және Хорватия таеквондошылары иеленді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз