Атыраулық балуандар халықаралық турнирде 5 медаль еншіледі

engshщ Спорт

Өзбекстан елінде «Бұхара балуандарын» еске алуға арналған ересектер арасындағы еркін күрестен XVI дәстүрлі ашық халықаралық турнир өтті.

Сайысқа Атырау облысы балуандары қатысып, 3 күміс және 2 қола жүлдеге ие болды.

57 келіде Базарбаев Нұрдәулет, 86 келіде Тәжіғали Айдын және 92 келіде Аманғали Бекзат ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. 61 келіде Жолдасов Талап және 92 келіде Сайранов Ерасыл қола медаль жеңіп алды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз