Жарнама
Спорт

Жангелдин ауылында спорт алаңы ашылды

Қызылқоға ауданында жастардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында Жангелдин ауылында спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасымен басталған бұл алаңды мердігер «MBM CONSTRUCTION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4 ай мерзімінде бітіріп, халықтың игілігіне ұсынып отыр.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Қанат Әзмұханов ауыл тұрғындарын құттықтай отырып, алаңның жастарды спорттық жетістіктерге жеткізетін бірден-бір алаң болатынына сенім білдірді.

zhangelьdin

-ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс» деген болатын. Мемлекет басшысының спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызды басым бағыттар санатына қосатындығы қуантады.
Міне, бүгінде сіздердің ұсыныстарыңызбен облыс әкімінің қолдауымен аудан жастары үшін өзекті болған спорт кешені мен спорт алаңы мәселесі шешімін тауып келеді. Оған дәлел биыл 5 дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені құрылысы Тасшағыл, Жасқайрат, Қарабау, Қоныстану, Мұқыр ауылдарында басталды. Осы спорт кешендеріне қосымша спорт алаңдарын салу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы Жасқайрат, Қоныстану, Тасшағыл, Қаракөл, Қарабау, Тайсоған, Миялы, Сағыз ауылдарында бұл жұмыс жалғасын табатын болады,- деді Қ.Әзмұханов.

zhaneglьdin 6

Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәттібай Шәкенбаев пен ауыл тұрғыны Гүлнар Сатан құттықтау сөз сөйлеп, аудан басшысымен бірге спорт алаңының лентасын қиды.

Аталған спорт алаңы жасанды төсеніші бар кіші футбол алаңы, көше тренажерлары және волейбол мен баскетбол алаңдарынан тұрады. Кешеннің ауданы 2400 шаршы метр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button