Волейболдан ел чемпионаты басталды
Атырауда 2010-2011 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан ҚазақстанРеспубликасының чемпионаты басталды.
27 қазан-3 қараша аралығында «Атырау» және «Нұрсая» спорт кешендерінде өтетін жарыста 14 команда бақ пен бап сынайды. Чемпионаттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген спорт ардагері мен бас төреші де бұл сайыстың басқалардан өзгеше екенін атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Чемпионатты ұйымдастыруға Қазақстан волейбол федерациясы мен Атырау облыстық волейбол федерациясы мұрындық болды. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты командалар қатыспақшы.Шын мәнінде, қазақ спортының, соның ішінде кәсіби волейболдың болашағы – осы жастарымыз. Мұндай жарыстар оларды шыңдай түсетіні даусыз»,-дейді чемпионаттың бас төрешісі Ольга Саттарова.
Айбөпе САБЫРОВА