Жарнама
Спорт

Үздіктер топ жарды

Мамандандырылған бокс клубында Муай-Тайдан жасөспірімдер мен жастар арасында Батыс өңірлік чемпионат өтті.

Сайысқа Атырау облысынан бөлек, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Өз салмағында үздік атанған жас спортшылар республикалық сайыстарға жолдама алды.
Чемпионат барысында Атырау және Батыс Қазақстан облысының спортшылары арасында кәсіпқой жекпе-жектер ұйымдастырылды. Облыс намысын қорғаған Мұрат Дінмұхаммед, Аида Хайруллина және Нұрлыбек Ордабаев жеңіске жетті.
2021 жылы спорттық сайыстарда жоғары нәтиже көрсеткен бір топ облыс спортшылары «Спорт шеберлігіне үміткер» спорттық атақтарына ие болды.
Атырау облысында Муай-тай спортынан 11 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 7 әлем чемпионы, 2 бүкіл әлемдік ойындарының жеңімпазы және көптеген Халықаралық сайыстардың жеңімпаздары бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button