
Спорт
Ұстаздар спорттан сынға түсті
Атырауда мектеп педагогтері шағын футболдан “USTAZ CUP” облыстық турниріне қатысып, өздерін спорттық бәсекеде сынап көрді. Жарысты облыстық білім беру басқармасының балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Мектеп спорт федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.

Мұғалімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 10 команда қатысып, нәтижесінде І орынды Атырау қаласының командасы жеңіп алды. Қызылқоға ауданынан қатысқан топ ІІ орынды иеленсе, құлсарылық команда ІІІ орынмен марапатталды.
Өз тілшіміз