Атырауда қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр

221011143203837e Спорт

Атырауда қазақ күресінен ел чемпионаты басталды. Жарыста 700-ден астам балуан бақ сынап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатыны Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен «Qazaq kuresi» ассоциациясының, Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Жарысқа еліміздің 17 облысы пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 700-ден астам балуан қатысуда. Байрақты бәсекеде ерлер арасында 55-100 келі және одан жоғары, ал әйелдер арасында 48-77 келі мен одан жоғары салмақ дәрежесінде мықтылар анықталады.

«Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі – қазақ күресі. Спорттың бұл түрі өскелең ұрпақтың шымыр әрі білекті, дені сау болып қалыптасуына ықпал етеді.

Қазір Атырау облысында да қазақ күресі кең қанат жайып, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен жоғары спорт шеберлігі мектебінде арнайы секциялар жұмыс істейді.

Қазақ күресімен тұрақты шұғылданатын атыраулық спортшылардың қатары 3500-тен асты», -дейді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Ұйымдастырушыладың айтуынша, үздіктер келесі жылы өтетін Əлем жəне Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз