Жарнама
Спорт

ҰЛЫҚБЕК ӘБІЛҚАЙЫР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Жамбыл облысында жауынгерлік самбодан 2001-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Атырау облысының намысын қорғаған Доссорлық, дзюдодан жастар арасында Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы Ұлықбек ӘБІЛҚАЙЫР күміс жүлдеге ие болды.
Жауынгерлер 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Жарысқа Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының құрамалары қатысты. Жеңіске жеткен жауынгерлерге “Спорт шебері” спорттық атағы берілді.


Жауынгерлік самбодан алғаш рет өнер көрсеткен дзюдошы Ұлықбек ЖАСҰЛАНҰЛЫ жауынгерлік самбодан «Спорт шеберлігіне үміткер» атанды.
– Қарсыластарым өз ісінің шеберлері. Кездесулер оңайға соққан жоқ. Маған қолдау көрсеткен ата-анама, ағайларыма, достарыма алғыс білдіремін. Алдағы уақытта ел намысын абыроймен қорғап, жақсы жаңалықтарыммен қуантуға тырысамын, — деді Ұлықбек ӘБІЛҚАЙЫР.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button