
Тартысқа толы кіші аяқ доп турнирі өтті
Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құндылығы. Қазақстан халқы Ассамблеясы міне, осы идеологияны сеніммен, жүйелі жүзеге асырып келеді. Тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның құрылғанына биыл — 30 жыл. Осы айтулы датаға орай С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде «Assembly CUP» кіші аяқ доп турнирі өтті.

Футзал турниріне өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА құрылымдары өкілдері және мүшелері қатысты. Турнир іріктеу және плей-офф кезеңдерінен, финал және үшінші орын үшін ойындардан тұрды. Қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар кубоктер мен медальдармен марапатталды. Одан бөлек тартысты ойын қатысушыларына «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Сұрмерген», «Үздік капитан» және «Үздік ойыншы» арнайы номинациялары табысталды.



Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ