Атыраулық жас шахматшы қыз әлемнің үш дүркін чемпионы атанды

gpoproopo Спорт

Зарина Нұрғалиева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды.

5-11 маусым күндері Грузияның Батуми қаласында шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Сайысқа 35 мемлекеттен 426 шахматшы қатысты.

Зарина Нұрғалиева шахматтың «Рапид» түрінен күміс, ал «блиц» бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ол осымен 3 рет Әлем чемпионы атанып отыр.

Заринаны жарысқа дайындаған жеке жаттықтырушысы халықаралық спорт шебері Жәнібек Аманов және облыс аға жаттықтырушысы Сабырбай Гайсин.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз