Жарнама
Спорт

ТАЭКВОНДОДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЖАСАҚТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы таэквондодан ересектер арасындағы Қазақстан Кубогы ұйымдастырылып, нәтижесінде алдағы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды. Атырау спортшылары үздік үштіктен көрінді.  

Іріктеу кәріс жүйесі арқылы өтті. Нәтижесінде әйелдер арасында Ботакөз Қапанова, Азиза Қаражанова, Мария Севостьянова және Нұрай Құсайыновалар өз салмақтарында қарсыласқа шақ келтірмеді.

Ал 67 келіден жоғарғылар арасында Жансель Дениз жеңімпаз болды. Ерлер арасында Елдос Ысқақ, Нұрбек Ғазез, Эльдар Бірімбай, Нұрлан Мырзабаев және Смайыл Дүйсебайлар ұлттық құрамаға алынды. Жалпы командалық есепте Алматы қаласының құрамасы топ жарды. Үздік үштікті Атырау және Жамбыл облысының спортшылары түйіндеді.

— Бұған қоса Азия ойындарына қатысушы әр мемлекеттен бір төреші шақырылады. Биыл Қазақстан атынан Халықаралық дәрежедегі төреші Дәурен Алғабаев баратын болды,- деді  Қазақстан таэквондо федерациясының бас хатшысы  Олжас Беспаев.

Құрлықтық доданың өзі алдағы күзде, яғни қыркүйектің соңы мен қазанның басында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді.

24.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button