Жарнама
Спорт

Спортшылар кіші аяқдоптан сынға түсті

            Атырауда олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің 17 командасы арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.    Орталық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен жарыс «Менің жетістігім – менің нәтижем» ұранымен өтті.

            Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспанов командаларды салтанатты іс-шараның ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Қатысушылар арасында қазақ күресі, самбо, грэпплинг, муай-тай, ММА, панкратион, таэквондо, киокушинкай-кан каратэ, синкиокушинкай, джиу-джитсу және т.б. спорт түрлерінен командалар болды.

            Бұл олимпиадалық емес спорт түрлері болғанмен атыраулық жас өрендер жекпе-жек өнерімен тұрақты түрде айналысып келеді. Ал бұл, жас ұрпақтың мінез-құлқын шыңдайтын, жаттықтырушылар мен спортшылардан көп жаттығуды талап ететін ауыр еңбек. Жас спортшылар өздерінің аяқдоп ойнауды да шебер меңгеріп, таласқа түсе алатындарын дәлелдеді.

            Турнирге қатысушылардың жылдамдығы, ойынға деген құмарлығы мен шеберлігі көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

            Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Данияр Юсуповтың айтуынша, жарыс екінші мәрте өткізіліп, оған екі жүзге жуық спортшы қатысып отыр.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button