СПОРТ – НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен кәсіптік білім беру орындары мен лицей оқытушылары арасында облыстық спартакиада өтті. Оған 18 кәсіптік білім беру орны мен лицей құрама командалары қатысты.

Ұрпақты жан-жақты тұлға, ұлы мұраттарды межелеген ұлт патриоты етіп тәрбиелеуші педагог кадрлардың беделін арттыру, оқу орындарының белсенділігін көтеру мақсатында өткен жарыста қатысушылар гандбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, шахмат ойындары бойынша өз мүмкіндіктерін сынады.
«Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен өткізілген облыстық спартакиада қорытындысында Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі ұжымының құрама командасы жүлделі I орынды иеленді. Команда жетекшісі Саламат Лұқпанов бастаған спортшылар жарыстың әр түрінен де «Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деген қағиданы басшылыққа алып, ерекше ойын өрнегін көрсетті. Отан¬ды сүюді бүгінгі жастардың ой-арманы, мақсат-мүддесі, тіршілік-тынысымен ұштастыра отырып, өз істерімен үлгі-өнеге көрсеткен облыстағы педагогтар спорттағы шеберліктерімен де танылды.

Нұргүл НАСЫР.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз