С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университетінде спорттық спартакиада қорытындыланды
Биыл спартакиадаға бес команда қатысып, алты түрлі спорт түрінен бақ сынады. Атап айтсақ, қатысушылар волейбол, үстел теннисі, шахмат, асық ату, арқан тартыс және веложарыстан бәсекелесті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Спорттық доданың қорытындысына сәйкес үздік нәтиже көрсеткен AOGU MIX, Ақпараттық-техгологиялар және Индустриялды-технологиялық командалары жүлделі орындарға ие болды. Жеке өнер көрсеткен спортшылар арнайы марапаттарды иеленді. Спартакиада жеңімпаздарына кубок пен диплом, сонымен қатар естелік сыйлықтар табысталды.
-Атырау мұнай-газ университеті профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында ұйымдастырылған дәстүрлі спартакиада өткізді. Мақсатымыз — оқу ордасының ұжымдық рухын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау. Әр сайыс тартысты ойын мен қызықты сәттерге толы болды. Әсіресе, арқантартыс пен асық ату секілді ұлттық спорт түрлері көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Бұл ойындар тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар дәстүрімізді дәріптеуге де үлкен мүмкіндік берді, — деді академиялық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Нұркен Ахметов.
Айта кетейік, дәстүрге айналған спартакиада университет қабырғасында 1991 жылдан бері өткізіліп келеді.