Жарнама
Спорт

Ришат Ғалиахметов гір көтеру спортынан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Қызылқоғалық спортшы Ришат Ғалиахметов екінші мәрте гір көтеру спортынан әлем чемпионы атанды. 

Ол осылайша Өзбекстанның Хиуа қаласында өтіп жатқан әлемдік бәсекеде қарсыластарынан оқ бойы озық болып, былтырғы нәтижесін тағы да қайталады.

​Әлемнің 20 елінен жиналған 600-ге тарта спортшы өз салмақтары бойынша мықтыны анықтады.

​Қызылқоға ауданындағы Қаракөл ауылында жастар арасында гір спортына қызығушылық танытатын жастардың қатары аз емес. Бұған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып еңбек ете жүріп, өзінен кейінгі буынды осы спорт түріне баулып келе жатқан Ришат Рахметұлының еңбегі зор. Жаны сүйіп жасайтын ісін артындағы інілеріне үйретіп жүрген әлем чемпионы ауылының ғана емес, елінің мақтанышына айналып үлгерді.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button