Спорт

Құрманғазы: ауылішілік футбол лигасына 36 команда қатысуда

Аудандағы футбол лигасы YouTube платформасында тікелей эфирде көрсетілуде. Жарыстың әділ өтуі үшін арнайы сайт жасалған,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

10 жылдан бері өткізіліп келе жатқан турнирге төрешілер облыс орталығынан арнайы шақыртылған.

–Турнирге 36 команданың қатысуы – рекордтық көрсеткіш! Олар өз деңгейіне қарай 3 лигаға бөлінді. Жоғарғы лига, 1-лига және 2-лига. Жоғарғы лигада 10 команда ойнаса, 1-ші лигада — 14, 2-ші лигада 12 команда бақ сынауда. 2-лигада тек ауыл жастары мен жергілікті тұрғындар ойнай алады. Сырттан легионер қатыстыруға болмайды. Ал қалған екі лигаға 4 легионерден алуға мүмкіндік бар. Бірақ алаңға шығуға 2 легионерге рұқсат етілген. Ойын кестесін, командалар құрамы мен қорытындысын «Easy Tournament» қосымшасынан қарауға болады,- деді ұйымдастырушы Әнуарбек Сәбитов.

Айта кетейік, «Құрманғазы-2024» жазғы футбол лигасы 22 тамызда қорытындыланады.

Жеңіске жеткен командаларға арнайы жүлде, кубок пен медальдар беріледі. Сондай-ақ, командада үздік ойын көрсеткендер «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша марапатталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button