Тұщықұдықта дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

screenshot 2 Спорт

Исатай ауданының Тұщықұдық ауылында жаңадан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Исатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында нысанның құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші «Ас-Құрылыс» ЖШС. Спорт кешенінің жалпы ауданы 818,88 шаршы метр.

screenshot 3

Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Полымбет Хасанов қатысып, тұрғындарды құттықтады.

-Ауданда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, жыл сайын спорт нысандарының саны артуда. Бұрын спорт кешені тек аудан орталығында болса, 2021 жылы Жанбай ауылында ашылды. Міне бүгін Тұщықұдықтан ашылып отыр. Мұндай нысандар Х.Ерғалиев ауылы мен Исатай ауылынан салу үшін құжаттар жасақталуда. Сонымен қатар өткен жылы Аққыстау ауылынан көп нысаналы спорт алаңы салынып, пайдалануға берілгенін де айта кетейін. Оған қоса Зейнеден ауылынан өзге ауылдық округтерде кіші аяқдоптан футбол алаңшалары салынып, жаңартылып, пайдалануға берілді. Алдағы уақытта да бұл саланы дамыта беретін боламыз, – деді П.Хасанов.

Сондай-ақ спорт саласының ардагері Бердібек Қайраханов пен ардагерлер арасында қол күресінен Әлем чемпионы Алмагүл Қанатова сөз сөйлеп, ауданнан спортшылардың көптеп шығуына тілек білдірді.

Айта кетейік, спорт кешені бірінші қабатта үлкен ойын залы, екінші қабатта жаттығу бөлмесінен тұрады. Кешенінің қасында кіші футбол алаңы бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз