Спорт

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. Давид Дегтярев пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Оның ең үздік нәтижесі – 188 келі.

Айта кетелік, Дегтярев өз мансабында екінші рет Паралимпиада ойындарында жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін ол Токиодағы пара ойындарда топ жарған еді.
Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Бұған дейін мерген Еркін Ғаббасов күміс жүлде еншілеген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button