Жарнама
Спорт

Қазақстандық боксшылар Нидерландтағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды

Нидерландта өткен халықаралық бокс турнирінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері жоғары нәтиже көрсетіп, сегіз бірдей жүлдеге ие болды.

Kazinform.kz таратқан мәліметке сүйенсек, ел құрамасының спортшылары түрлі салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түсіп, ел мерейін үстем етті. Атап айтқанда, 50 келі салмақта Даниял Сәбит, 70 келіде Абылайхан Жүсіпов, 80 келіде Ерасыл Жакпеков, 85 келіде Дәулет Төлемісов және 90 келіден жоғары салмақта Нұрлан Сапарбай алтын жүлдегер атанып, жеңіс тұғырына көтерілді.

Сонымен қатар 65 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов, 75 келіде Сабыржан Аққалықов және 90 келіде Сағындық Тоғамбай турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды.

Қазақстандық боксшылардың бұл жетістігі ұлттық құраманың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button