Спорт
Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы қызметінен толықтай кетеді. Қазір ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің кандидатурасы қарастырылып жатыр.
Еске сала кетейік, Станислав Черчесов 2024 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан құрамасын басқарған болатын. Оның жетекшілігімен команда УЕФА Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, түрлі нәтижеге қол жеткізді.
Айта кетерлігі, С.Черчесов бұған дейін бірнеше рет қазақ тіліне қатысты дауға іліккен. Тіпті, қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті келемеждегені үшін оған 738 мың теңге көлемінде айыппұл салынған еді. Бұл жағдай жанкүйерлер арасында үлкен резонанс тудырып, бапкердің беделіне әсер еткен болатын.
Бек АЙДАРӘЛИ