Спорт
Қазақстан Азия ойындарындағы 40-шы жүлдесіне қол жеткізді
Қазақстандық велоспортшы Рината Сұлтанова Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Ол тасжолдағы жарыстың жекелей сынына қатысып, мәре сызығын үшінші (+1:00.11) болып кесті. Өзбекстан өкілі Ольга Забелинская (24:35.99) мен жапониялық Эри Ёнамине (+59.60) бірінші және екінші орынды өзара бөлісті. Жарыс жолына 14 спортшы шыққан болатын.
Бұл медаль Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы 40-шы жүлдесі және 29-шы «қоласы» болып тұр. Сондай-ақ ұлттық құрама қоржынында төрт алтын, жеті күміс медаль бар. Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.