Жарнама
Спорт

ҚАЗАҚСТАН 2034 ЖЫЛҒЫ ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ӨТКІЗУГЕ ӨТІНІМ БЕРМЕЙДІ

Қазақстан 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізбейді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

«Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейміз», — делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бүгін БАҚ беттерінде Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін Өзбекстанмен бірлесіп өтінім беруді ұсынды деген ақпарат тараған болатын.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты Канада, АҚШ және Мексикада өтеді. Бұл үш ел бірлесіп өткізетін алғашқы әлем чемпионаты болмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button