Жарнама
Спорт

Қала әкімінің кубогы табысталды

Атырауда қала күніне орай дзюдодан қала әкімінің кубогіне арналған 2006-2007 жылы туған ұлдар арасында командалық қалалық турнир мәресіне жетті. 

Турнирге облыс палуандарымен қатар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының командалары қатысты. 

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев жасөспірім палуандардың белдесулерін көріп, тартысты бәсекені тамашалады. Татамидегі сайыста жеңіске деген жігер танытқан командалардың арасында сәл сүрініп, жеңісті уысынан шығарып алған, сын сағатта шеберлік таныта білген командалар болды. 

Қала әкімі Қайрат Оразбаев жас өрендерге сәттілік тілеп, көрермендерді қала күнімен құттықтады.  

— Атырауда дзюдо күресі қарқынды дамып келеді. Облыста 20 мыңға тарта дзюдошы бар. Биыл Токио қаласында өткен паралимпиада ойындарында Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан, Зарина Байбатина күміс медаль иеленіп, еліміздің, облыстың мерейін үстем етті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында осындай  жарқын жетістіктерге жетіп жатқанымыз қуантады. Халықтың әлеуетін көтеру бағытында да жасалып жатқан бірқатар істер  жүзеге асып жатыр. Барлықтарыңызға жетістік пен жеңіс тілеймін!, — деді Қайрат Құлымұлы. 

Турнир қорытындысында ақтық сында жергілікті спорт мектебінің командасынан басым түскен №3 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы әкім кубогінің иегері атанды. II-ші орын №2 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еншісіне тисе, III-інші орын №2 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне бұйырды. 

whatsapp image 2021 10 02 at 16.52.03

whatsapp image 2021 10 02 at 16.52.07

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button