Жарнама
Спорт

«Прикаспийская коммуна»: Спортты серік еткен жандар жарысты

Биыл өңірлік баспасөздің қарашаңырағы – «Прикаспийская коммуна» газетіне 105 жыл толады. «Прикаспийская коммуна» – Атырау жұртшылығының өмір айнасы, аймақ халқының тыныс-тіршілігін, әлеуметтік мәселелерін көтеріп жүрген беделді басылымның бірі. Атаулы дата аясында бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің стадионында спартакиада өтуде. Ғасырлық шежіресі бар басылымның мерейтойы аймақтың бұқаралық ақпарат құралдары мен түрлі сала өкілдерін, сондай-ақ спортты серік еткен жандарды ортақ алаңға жинады.

fa49e294 0821 480e 842a a8664da83908

«Бірлік» депутаттық фракциясының қолдауымен жүзеге асқан спорттық шараға төрт команда қатысуда —
бұқаралық ақпарат құралдарының құрама командасы, Атырау қалалық мәслихаты депутаттарының командасы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің командасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының командасы.
–Спартакиаданың басты мақсаты – ұжымды ұйыстырып, бірлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, — дейді ұйымдастырушылар.

d0837a64 9526 4c3b ae43 6d0fceb84838

Шара аясында футбол, волейбол, шахмат және арқан тарту сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Ең тартысты бәсекелердің бірі – футбол додасы болды. Бұл сында Атырау қалалық мәслихатының депутаттары да белсенділік танытып, жарысқа ерекше серпін берді.

e758c362 68d3 47ae 9c7f 50e5be32f6b7

— Біз үшін бұл жарыс тек спорттық дода емес, ауызбіршілік пен түсіністікті нығайтатын маңызды алаң. Мұндай шаралар ұжымдардың байланысын бекемдеп, қоғамда бейбітшілік пен татулықты арттырады, – деді қалалық мәслихаттың депутаттары.
Мерейтой аясында ұйымдастырылған шараның қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мен жекелеген қатысушылар марапатталатын болады. Қатысушылар редакция ұжымын 105 жылдық мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс пен оқырман сенімін тілейді.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button