СҮЙІНШІ: «Атырау» ірі есеппен «Қайратты» жеңді!

280336553 3306210646265970 4625857352467654813 n Спорт

Алматылық «Қайрат» футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында «Атыраудан» ірі есеппен жеңілді.

Бұл туралы Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті. Кездесу Алматыдағы орталық стадионда өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда барлық үш гол соғылды.Осы жеңістің арқасында «Атырау» 17 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде үшінші орынға көтеріліп, қосымша көрсеткіштер бойынша «Астанадан» (17) кейін орналасты.»Мұнайшылар» 2015 жылдың мамыр айынан бастап Алматыда «Қайратты» жеңген жоқ. Бүгін командамыз 10 матчтың сәтсіз сериясын үзді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз