Спорт
Париж паралимпиада ойындарында атыраулық 16 спортшы бақ сынады
Пара дзюдодан Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Өтепов, Альфия Тілекқабыл, Зарина Райфова, Жұрқамырза Шүкірбеков сынға түсті. Оның ішінде Зарина Райфова мен Жұрқамырза Шүкірбеков қола жүлделерге ие болды.
Пара таеквондодан Нұрлан Домбаев пен жеңіл атлетикадан Гүлбақыт Қайыржанова үздік бестікке ілінді.
Отырып ойнау волейболынан ұлттық құрамада сапында атыраулықтар — Қуаныш Тажиков, Бауыржан Сартаев, Пердебай Намұратов, Ақылбек Шикібаев, Берік Ізмағанбетов, Жанғали Сүйеуов, Нұртау Мұқанбетқалиев және Ерлан Битеміров ойнады. Команда жалпы есепте бесінші орынға ие болды.
Айта кетейік, ел намысын қорғауға аттанған 44 спортшының ішінен 16-сы атыраулық спортшы.