Жарнама
Спорт

Паралимпиада-2024: Бүгін қазақстандықтар үш спорт түрінен сайысқа түседі

Бүгін, 6 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар үш сайыс түрінен жарыс жолына шығады.

kaz.inform.kz-тің хабарлауынша, пара жүзуден сағат 12:45-те Сиязбек Дәлиев, сағат 14:11-де Зульфия Габидуллина ел намысын қорғайды.

Ал 13:00-де парадзюдодан Ерғали Шәмей Арминдо Родригес (Франция) пен Юджи Като (Жапония) жұбының жеңімпазымен кездессе, Даяна Федосова мен бразилиялық Да Силва Тейшейра Араухо, Аяла Мереке жапониялық Казуса Огавамен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ пара каноэ 13:10-де Бейбарыс Сыпатай, 13:30-де Жаңыл Балтабекова сайысқа түседі.

Айта кетсек, Паралимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button