Спорт

Паралимпиада-2024: Бүгін қазақстандық спортшылардан кімдер өнер көресетеді?

Франция астанасында паралимпия ойындары жалғасуда. ҚР Туризм және спорт министрлігі бүгін қазақстандық спортшылардан кімдер өнер көрсететінін жариялады, — деп хабарлады kaz.inform.kz.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, бүгін 3 қыркүйекте сағат 13:21-де паражүзуден Сиязбек Далиев жарыс жолына шықса, сағат 14:04-те осы спорт түрінен Нұрдәулет Жұмағали бағын сынайды.

Жазғы Паралимпия ойындарын Qazsport телеарнасы арқылы тікелей эфирден көруге болады.

Осыған дейін Қазақстан волейболшылары жартылай финалдан тыс қалды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

28 тамызда басталған дүбірлі дода 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button