Облыс әкімінің орынбасары спорттық челленджге қатысты

89cfc21f 4492 4d6b bd07 42b7854e5ec7 Спорт

Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында саламатты өмір салтын сақтауға және нығайтуға бағытталған тәрбиелік маңызы зор челлендж ұйымдастырылды. 

Іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, облыс намысын қорғап жүрген белгілі спортшылар стадионның жүгіру жолында бірнеше айналым жүгіріп, дене жаттығуларын жасады. Осы арқылы қатысушылар облыс тұрғындарын спортпен шұғылданып, бос уақыттарын тиімді өткізуге үндейтіндерін айтады.

3b87012d 368b 462e 90d7 9dd35a567b69

– Бұқаралық спорт кең қанат жайған сайын ұлт болашағына да сенімді боламыз. Сол бағытта облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мемлекет тарапынан түрлі шешімдер қабылданып, бұқаралық спортты дамытуға талпыныстар жасалуда. Ал, қоғам жағынан бұл бағытта қолдау таппаса іс нәтижелі болмайтыны белгілі. Сондықтан қоғамның әрбір мүшесі осыны жете түсініп, белсенділік көрсетсе деген тілек бар. Сонда ғана ұлтымыздың дені сау, жемісті еңбек етіп, спорттық жоғары жетістіктерге жететін боламыз.

4ce72de2 1719 464d bd69 452256c532cb

Бүгінгі спорттық іс-шара облыс әкімі Серік Жамбылұлының ұсынысымен қолдау тауып отыр. Осындай бұқаралық спорт кең көлемде өріс алғаны құптарлық. Осы шараға атсалысып, қолдау танытқан жергілікті мәслихат депутаттары мен спортшыларға зор алғыс білдіремін, – деді облыс әкімінің орынбасары. 

Спорт саласындағы жемісті еңбегімен қатар, қайырымдылық шараларға да белсенді қатысып жүретін облыстық мәслихат депутаты Нұрлыбек Даралиев те спорттық челленджге қатысып, облыс тұрғындарын спортты серік етуге шақырды.  

b5eab791 36e6 48ed 9f94 61e51928b3ba

– Алдағы уақытта жұмыстан тыс уақытта мұндай іс-шараларды дәстүрге айналдырғымыз келеді. Сондай-ақ, осындай іс-шараларға әріптестерімізді, спортшыларды, жалпы облыс тұрғындарын да қатысуға шақырамыз. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде, елімізді бақуатты елге айналды­рып, азаматтардың тұрмыс сапа­сын жақсарту ұлттық стратегия­мыздың басты мақсаты екендігін айтқан болатын.

Ал, қуатты мемлекет жігерлі азаматтардан тұратындығы белгілі. Спорт – денсаулық кепілі. Дені саудың – жаны сау, дегендей елге қызмет ету үшін спорттың алар орны ерекше, – деді Нұрлыбек Нұрболұлы.

Жексенбілік жаттығуға қатысқандардың қатарында облыстық мәслихат депутаты Серік Қасенов, қалалық мәслихат депутаттары Рафик Сәрсенов, Әміржан Нұрланұлы, Хамит Құнарбаев, аралас жекпе-жек шебері Әнуарбек Бекембетов, қазақша күрестен әлем чемпионы Дастан Қарасаев, кикбоксингтен әлем чемпионы Әсет Мейірлан, бокстан Азия чемпионы Аманат Сабырғали болды.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Суреттерді түсірген автор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз