Спорт
Олимпиадада садақ атудан жекелей сынның іріктеуі аяқталды
Қазақстан құрамасының сапында үздік нәтижені Дәулеткелді Жаңбырбай көрсетті. Ол 668 ұпаймен 22-сатыдан көрінді. Ал Ильфат Абдуллин 663 ұпай жинап, 29-орынға тұрақтады. Александр Еременко болса 59-орында. Оның еншісінде 640 ұпай бар, — деп хабарлады «Qazsport» телеарнасы.
Айта кетейік, енді осы рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни, 64 ер мерген бүгін алған орнына қарай бір-бірімен сынасады. Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болды. Ал плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Ал командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады.