Спорт

Олимпиада-2024: боксшы Нұрбек Оралбай күміс сыйлады

Париж Олимпиадасында әлем чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері 80 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрбек Оралбай Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Алғаш жарыс жолына шыққан Нұрбек Рахатұлы әлем чемпионы аустралиялық Каллум Питерсті тартысты өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңді. Қазақстандық боксшы екінші раундта нокдаун алып қалғанына қарамастан, жеңіске деген құлшынысы оны алға жетеледі.

Ширек финалда Еуропа ойындарының жүлдегері әзірбайжандық Мұрат Аллахвердиевті 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ақтық сынға шығатын бәсекеде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Доминикан Республикасының өкілі Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен басым түсті. Еліміздің алтын алады деген үкілі үміті ақтық айқаста азулы украиналық қарсыласы Олександр Хижнякқа есе жіберді.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button