Жарнама
Спорт

Нұржауған Төлеуова жаңа қызметке тағайындалды

Атырау облысының спорт саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып келген Нұржауған Оразқызы «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Жоғары спорт шеберлігі мектебі» директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Нұржауған Оразқызы – өз ісінің білікті маманы, өңір спортының дамуына зор үлес қосқан тәжірибелі жетекшілердің бірі. Ол Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарған, сондай-ақ бірнеше жыл бойы басқарма басшысының міндетін атқарушы ретінде облыс спортының өркендеуіне айрықша еңбек сіңірді.

Жауапкершілігі мол қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, облыс спортшыларының биік белестерді бағындыруына жетекшілік етті. Оның кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі жаңа қызметте де спорт саласының дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.

Нұржауған Оразқызына жаңа лауазымында сәттілік пен толағай табыс тілейміз!

А.ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button