
Нұрдәулет Сейілбеков – Азия чемпионатының қола жүлдегері
Вьетнамда өткен еркін күрестен U23 Азия чемпионатында Атырау облыстық олимпиадалық резервтегі Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Нұрдәулет Сейәлбеков 74 келі салмақта қола жүлдені жеңіп алды.
18 жастағы балуан тартысты белдесулерде жоғары шеберлік көрсетіп, қола медаль үшін өткен шешуші кездесуде Қырғызстан балуанын 14:3 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Жас спортшыны туған жерінде жақындары, достары мен әріптестері әуежайдан зор құрметпен қарсы алды. Бұл жетістік – спортшының табандылығы мен бапкерлері Данияр Хабдолов пен Аслан Жаманбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі.
Ел чемпионатында қарсылас шақ келтірмеген Нұрдәулет енді тамыз айында өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Оның басты мақсаты – халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғау.
Алмас ҚАБДОЛ