Атырау облысының Жанбай ауылында спорт кешені ашылды

cf213932 2acb 43e2 b191 351b6bae1b4c Спорт

Исатай ауданының
Жанбай ауылында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі пайдалануға берілді.

Спорт нысанының ашылуына Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Нариман Таушов қатысты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

5a7d4d10 fecd 4bcb b460 fc021e01bd0e

Нариман Таушов ауыл спортын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

  • Елімізді әлемге танытып жүрген чемпиондарымыз ауылдық елді мекендерден көптеп шығуда. Жанбай ауылынан да болашақта  әлем, олимпиада чемпиондары шығады деген сенімдеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген екі қабаттан тұратын спорттық нысан толықтай қажетті құрал- жабдықтармен
қамтамасыз етілген.

Спорт кешенінде бір мезгілде 300-ге жуық жасөспірім бокс, волейбол, баскетбол, каратэ, таеквандо, қазақ күресі сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады. Сонымен бірге, адамның ойлау қабілетін дамытатын тоғызқұмалақ ойыны үшін де жағдай жасалған.

«Жалынды Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысын жүргізген нысан ауласында арнайы алаң бар.

2ba1afc3 a836 42b2 8ba5 477bbd10f31f

Еске сала кетелік, спорт кешенінің ашылу салтанатына Исатай ауданының зиялы қауым өкілдері, ардагер спортшылар мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз