Жарнама
Спорт

Атырауда мүгедектердің спорттық клубының басшысы ауысты

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының «Мүгедектердің спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңа басшы тағайындалды.

Бұл мекеме директорының қызметіне Есенкелді Пазылғалиев кірісті.

Аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Тұрарұлы ұжымға жаңа басшыны таныстырып, оған жауапты да маңызды салада атқаратын қызметіне сәттілік тіледі.

Есенкелді Серікқалиұлы 1976 жылы Атырау облысы Исатай ауданында дүниеге келген. 1993-1997 жылдары Алматы қаласындағы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтында білім алып, «Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы» мамандығын меңгерген.

Еңбек жолын 1997 жылы Аққыстау орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2005 жылдан бастап бірнеше спорт мекемесінде басшылық қызметтер атқарып, соңғы жылдары «Мүгедектердің спорттық клубы» директорының орынбасары ретінде жұмыс істеді.

Ұзақ жылдық тәжірибесі бар маманның жаңа қызметі мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа қолжетімділігін арттырып, параспорт бағытындағы жұмыстарды күшейтуге үлес қосады деп күтілуде.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button