Кикбоксшылар Түркия елінен жүлдемен оралды

img 20220517 wa0034 Спорт

12-15 мамыр күндері Түркия елінің Стамбул қаласында кикбоксингтен өткен ересектер мен жастар арасындағы Әлем Кубогі өз мәресіне жетті.

VII рет ұйымдастырылған әлемдік додаға 45 елден 994 спортшы қатысты. Атырау қаласынан сегіз спортшылар қатысып, оның бесеуі топ жарып жүлделі орын иеленді.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Юсупов бастаған Атырау облысының спортшылары 3 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасында Нұрсұлтан Жұмабаев пен Роман Зубарев күміс, Жандос Назарбеков қола жүлдені өз қанжығаларына байлады.

Қыздар арасында Алина Мақсот күміс және әйелдер арасында Гүлбану Саматова қола жүлдеге ие болды.

– Біздің спортшыларымыз шың мықтылармен жекпе-жекке шығып, тартысты ойын көрсетті. Кіл жүйріктер қатысқан жарыс жоғарғы деңгейде болды. Әрбір сайыс біз үшін үлкен тәжірибе және жаңа белеске деген үлкен қадам,-дейді аға жаттықтырушы Данияр Юсупов.

Жайна Мәлімқожа

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз