
Мақатта екі қабатты қос кешеннің құрылысы жүріп жатыр
Мақат ауданындағы Бәйгетөбе ауылы мен Мақат кентінде қос қатарлы спорт кешені салынып жатыр,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бәйгетөбе ауылына мердігер мекеме болып «Альтаир-СК 7» ЖШС, ал Мақат кентіне «СК NEW CITY» ЖШС тағайындалған.
-Ауданда бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында жаңа спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде. Екі ірі жоба да ерекше назарда тұр. Қазір бұл нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда, — деді Мақат аудандық Құрылыс бөлімінің басшысы Әбілқайыр Беспайұлы.

Кешендерде спорт залы, жаттықтырушылар, әйелдер мен ерлерге арналғар киім ауыстыру бөлмесі және санитариялық, медицина бөлмелері қарастырылған.
Айта кетейік, бүгінде Мақат ауданында барлығы 4 спорт кешені, 36 спорттық алаң мен 21 спорт залы жұмыс істеп тұр.