
Спорт
Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылында спорт кешенінің құрылысы жүруде
Қазір іргетасы құйылып, тас қалау жұмыстары жасалуда. Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілқайыр Қадыров мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауданы 1308,5 шаршы метр нысан жоба бойынша 2 қабатты. Ғимаратта жаттықтырушылар, дәрігерлер, күзетшілер бөлмесі, бокс, күрес залы мен спортзал және ерлер мен әйелдерге арналған киім ауыстыру, сондай-ақ жуыну бөлмесі қарастырылған.
–Құрылыс маусым айында басталды, келер жылы маусымда аяқтауды жоспарлар отырмыз. Жұмыстың 15 %-ы орындалды және өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Альтаир-СК 7» ЖШС, — деді Ә.Қадыров.