Махамбетте спорт кешені пайдалануға берілді (+ФОТО)
Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесі қарсаңында Махамбет ауданының орталығында спорт кешені ашылды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, заманауи түрде салынған нысан волейбол, баскетбол және күрес түрлерімен шұғылдануға арналған және спорттық құралдармен жабдықталған. Қосымша 160 орындық трибуна және тренажер залы бар. Онда 200-ден астам бала тұрақты түрде шұғылданады деп күтілуде.
Бұл өңірлердің ішкі мүмкіндіктері мен жоғары спорттағы жетістіктерін еселеуге жол ашады, бұқаралық дене шынықтыру қозғалысын дамытуға жағдай жасайды. Осы спорттық нысанның пайдалануға берілуі әлеуметтік салада жүзеге асып отырған мемлекеттік саясаттың бір айғағы.⠀ Спорт кешені жас өрендерді аталған спорт түрлерінен қабылдай бастады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ